БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 316 >> Өлең деген қиын ба өнерпазға, Өлең тұрмақ сөз қиын ақылы азға, Көңілді көтерелік осындайда, Кім бар, кім жоқ ендігі келер жазда.
317 >> Өлеңді айта алмайды әркім мендей, Табаны тарлан боздың гулер желдей, Өлеңді айт десеңдер аңыратайын, Көктеуге қой қоздатып көшкен елдей.
318 >> Өлеңді айт дегенде іркілмеймін, Жүніндей ақ үкінің үлпілдеймін, Осындай игі жақсы бас қосқанда, Алдыда желмей-жортпай бүлкілдеймін.
319 >> Өлеңді айт дегенде іркілмеймін, Кісіні өлең айтқан шіркін деймін, Жел сөздің тағдыр берген арқасында, Жорғадай жолға түскен бүлкілдеймін.
320 >> Өлеңді тіл бастайды, жақ қостайды, Бәйгеден жүйрік келсе ойқастайды, Барында тіршіліктің ойна да күл, Өлеңді біз тұрғанда кім бастайды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 47 | |
Всего комментариев: 0 | |