БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 311 >> Өлеңменен ер жігіт ер жетеді, Жақсы өлең көңілді тербетеді, Бір-екі ауыз шамалап өлең айттым, «Әу!» деп қойсаң, қалқам-ау, нең кетеді?
312 >> Өлеңді біз айтайық қаласаңыз, Несіне бұл жалғанның таласамыз, Біздерден ат пен түйе сұрамаңыз, Азырақ өлең қолқа ала саңыз.
313 >> Өлеңді айт дегенде ағылайын, Мойныңа ақ меруерт – тағылайын, Бұл тойда құдай оңдап жеңіп кеті, Шытыңды алақандай не қылайын.
314 >> Өлеңімнің басы еді сексен сегіз, Тауға тары шықпайды екпесеңіз, Бір-екі ауыз жел сөзді неге аяйын, Үлкен аға, кіші іні сөкпесеңіз.
315 >> Өлең деген ендеше өлең екен, Өлеңді айтқан өмірде өнер екен, Сөзін тауып өлеңді айтар едім, Гүрілдеген дауысым келер ме екен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 46 | |
Всего комментариев: 0 | |