ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 306 >> Баян таудың басында бір топ арқар, Таудан аққан тас бұлақ суын сарқар, Сен есіме түскенде, сүйген сәулем, Қатып қалған іштегі шерім тарқар.
307 >> Біздің елдің жайлауы кең болады, Кең төсінде ойнаған ел болады, Одан әрі өткен соң темір арқа, Арғы жағы сахара шөл болады.
308 >> Жалғыз біткен жапанға сен бір шынар, Жас күніңнен, қалқатай, болдым құмар, Ақ жүзіңді көруге армандамын, Құмарланған көңілім қашан тынар.
309 >> Жалғыз ағаш жапанда қу болады, Жерге түссе миуасы ну болады, Кешегіден көңілім бүгін төмен, Азанғы ішкен қызыл шай у болады.
БЕС АҒАШТАН ЕР ҚОСТЫМ ҚИЫСТЫРЫП 310 >> Өлең деген немене ой емес пе, Көрсеткен қызды сұлу бойы емес пе. Өлеңді мұнда айтпаған қайда айтамыз, Қосылса бастарымыз той емес пе. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 48 | |
Всего комментариев: 0 | |