Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

301 >>

Баласы аққу құстың төрем-ай деп,

Оқ тисе жез қанаттан өлеме-ай деп,

Далаға күндіз-түні үш қараймын,

Қалқатай алыс қалған келеме-ай деп.

 

302 >>

Тау басында отырмын ойға батып,

Қимас қалқам, келсейші жорғалатып,

Қысқа жіпті күрмеуге келтірмей-ақ,

Қойғаның ба, дүние-ай, қорғалатып.

 

303 >>

Көк балдырған дегенде, көк балдырған,

Жолда жүріп жолаушы ат шалдырған,

Әй-ау десем, артыңа қарамайсың,

Қарамастай көңіліңді кім қалдырған.

 

304 >>

Ауылымның қонған жері бетегелі,

Түйенің тоқтамайды кетегені,

Бір жерге өңшең жақсы бас қосқанда,

Көңілді өлең айтып көтереді.

 

305 >>

Мекенімді сұрасаң Қарқаралы,

Бір ай бұрын жауатын Арқадағы,

Тауға да ұрдым басымды, тасқа да ұрдым,

Арман шіркін кеудемнен тарқамады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (09/10/2023)
Просмотров: 57 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: