Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

296 >>

Таң атар, таң-таң атар таң жағынан,

Құланның шаң шығады ойнағынан,

Белге оралған жыландай үш бұралып,

Қалқаның жатар ма едім оң жағынан.

 

297 >>

Біздің ауыл жоғары Күйік асар,

Керім жігіт аяғын бір-бір басар,

Кішкентайдан бірге өскен, беу қарағым,

Құшағың мен құшағым қиюласар.

 

298 >>

Тауға барсаң, шөп те көп, жыңғыл да көп,

Жыңғыл буып алатын шылбыр да көп,

Ұйықтап кетсең, түсіңе қыз енеді,

Көзіңді ашсаң, қыз түгіл сымбыл да жоқ.

 

299 >>

Буынғаным беліме кемер белдік,

Қоңыр салқын Арқадан неге келдік,

Сапырулы сары қымыз ішпес басым,

Шөптің басын ас қылған елге келдік.

 

300 >>

Төнеді қара бұлт меңдей болып,

Қалады кескен тірек жеңдей болып,

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Көзіме кім көрінер сендей болып.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/10/2023)
Просмотров: 56 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: