Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

291 >>

Қызыл шілік, ендеше, қызыл шілік,

Бір ажалы түйенің ала күдік,

Бекер қарап отырсаң не шығады,

Өлең айтсаң мұндайда қызықшылық.

 

292 >>

Ендеше майда құрақ, майда құрақ,

Құрақтың жұлып алдым басын бұрап,

Осындай құдай айдап кез келгенде,

Айта гөр өлеңінді жаным шырақ.

 

293 >>

Ұшады аққу көлден үйрегімен,

Қонады ұшып барып түйдегімен,

Керілген ақ маралдай сәулем едің,

Барасың ыстық тартып күндегіңнен.

 

294 >>

Ұшады аққу көлден саңқылдаған,

Әдемі балақ жүні жалпылдаған,

Сыпырған томағасын қыран құстай,

Көзіңнен айналайын жалтылдаған.

 

295 >>

Жел соқса, ағаш басы ырғалады,

Қаршыға қыран болса, тырна алады.

Барында оралыңның ойна да күл,

Күлмеген, ойнамаған, құр қалады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/09/2023)
Просмотров: 62 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: