ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 286 >> Қалды кейін қайран ел туған жерім, Аман да бол қайыр хош асқар белім. Ата-анамның кезінде ізі қалып, Ең алғашқы кіндік қан тамған жерім.
287 >> Жайнап өскен жас шыбық доланасы, Бал татыған шекерлі ақ алмасы, Жатсам-тұрсам есімнен бір кетпейді, Ақ бастаулар сылдырап сай-саласы.
288 >> Су шығар жалбызы бар шилі жерден, Сөз шығар естімеген үлгілі елден, Сайрап қал қызыл тілім ел-жұртыңа, Құтылған еш ақын жоқ қара жерден.
289 >> Жер қайда Сәңкілкөлдей жайлағанға, Шыңғыртып жас құлынын байлағанға, Келмейді жатсам ұйқым, тұрсам күлкім, Қалқаны кейін қалған ойлағанда.
290 >> Қонғаны ауылымның жазық еді, Ән-күйім көңілімнің азығы еді, Жасымнан қол жетпесті армандатып, Тағдырым әлденеге жазып еді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 49 | |
Всего комментариев: 0 | |