ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 281 >> Мен қайтейін Қаратау биігіңді, Мерген болып атпадым киігіңді, Жатсам-тұрсам есімнен бір кетпейсің, Енді қайтып басамын күйігімді.
282 >> Талға байлап күреңді мінген қандай, Ойнап-күліп құрбымен жүрген қандай, Осы жолы ауылыңа бармақ едім, Бара алмадым ауылыңа жерің шалғай.
283 >> Қойым семіз болсын деп тауға бақтым, Таудың сәні келсін деп сырнайлаттым, Тау басынан ертемен кездеспесек, Жас жүректің обалын саған арттым.
284 >> Мінгенім дәйім менің күрең дөнен, Қашады төстен түлкі сүмеңдеген, Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, Айрылып қалқатайдан жүрем деген.
285 >> Гүл бәйшешек оранған жерім еді, Көптен бері көзіме көрінбеді, Дәулеті мол ырысты несібені, Қанша халқым өзінен теріп жеді. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 47 | |
Всего комментариев: 0 | |