Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

276 >>

Көшіп ауылым барады Қауланкөлге,

Қашан көшіп жетемін таудағы елге,

Қайта айналып көргенше кім бар, кім жоқ,

Қош айтайын қол қысып бұраң белге.

 

277 >>

Өрлеп-құлдап жүруші ек Бұлғын бойын,

Жағасында көк майса салып ойын,

Әсем әнді құбылтып айтқанымда,

Бойжеткеннің балқытып тұла бойын.

 

278 >>

Кең жайлау қандай жақсы жайлағанда,

Биені топ-тобымен байлағанға,

Келмейді жатсам ұйқым, тұрсам күлкім,

Сауығын сахараның ойлағанда.

 

279 >>

Жалғыз ағаш жапанда ырғалады,

Ойнамаған, күлмеген құр қалады,

Оралыңның барында ойна да күл,

Опа шегіп жалғанда кім қалады?!

 

280 >>

Түзге біткен бәйтерек шынар едім,

Өлеңіммен еліме ұнап едім,

Бізді мұнда дәм айдап кез келтірді,

Бір көруге өзіңді құмар едім.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/09/2023)
Просмотров: 61 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: