ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 271 >> Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер, Желіге асау құлын байлаған жер, Көзіме от-жалындай көрінеді, Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер.
272 >> Ну орманның ауылың арасында, Мөлдір бастау тұнық су жағасында, Қай бақтыға, құрбыжан, кез боласың, Талай жігіт сыртыңнан таласуда.
273 >> Аспанда Үркер алтау, Шолпан жалғыз, Домбыра екі ішекті қолға алғанбыз, Мұндайда босқа отырып жарамайды, Көпшілік құрметіне ән салғанбыз.
274 >> Бұл өлке біздің ауыл күзеген жер, Қаракөз бойын салып түзеген жер, Көзіме от-жалындай көрінеді, Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер.
275 >> Дәйім менің мінгенім ұзын құла ат, Екі жағы Қобданың малға суат, Ауылың алыс кеткенде туыстарым, Осы әніме сала жүр дәтке қуат. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 54 | |
Всего комментариев: 0 | |