Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

266 >>

Жаз жайлаудың суында жайын семіз,

Қайырады күйісін малың семіз,

Тау самалы жаныңды жадыратып,

Таң сәріде соғады салқын лебіз.

 

267 >>

Дегенде, жыңғыл шоқпар, жыңғыл шоқпар,

Жерлерге бетегелі жылқым тоқтар,

Өлеңнің жақсысы бар, жаманы бар,

Айтайын қандай өлең, сылқым сотқар.

 

268 >>

Ұшады қыран бүркіт шыр айналып,

Арықтан су ағады ылайланып,

Ер жігіт сері-селтең құрғанменен,

Қазығын таппай қоймас бір айналып.

 

269 >>

Ұлы жұртты жағалай тал болады,

Ер жігітсіз көңілің дал болады,

Қасіретті қайғысы басқа түссе,

Айдын көлге ақ үйрек зар болады.

 

270 >>

Жырғылтыдай жер қайда қар алмаған,

Жібек шашың желкілдеп таралмаған,

Бағаласам бағаңа жан жетпейді,

Бұл өлкеде сіздей жан жаралмаған.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (12/06/2023)
Просмотров: 55 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: