ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 251 >> Қазықұртты жағалай тас болады, Шын азамат еліне бас болады, Көрінгенмен жылтырап сыртым бүтін, Ішім жанып, көзіме жас толады.
252 >> Ұлы жұртты жағалай тал болады, Ашылмаса көңілің дал болады, Қасіретті қайғысы басқа түссе, Айдын көлге ақ үйрек зар болады.
253 >> Өрмегейті, Қаракөл жердің туы, Алтын бұлақ секілді аққан суы, Ән дауысын сағынып жүргенімде, Қай жеріңнен келеді әннің туы.
254 >> Қара бұлт келеді меңдей болып, Кескен терек қалады жеңдей болып, Ауылың алыс кеткенде, беу қарағым, Кім көрінер көзіме сендей болып.
255 >> Жан сәулем, айға бітсе сендей көрік, Дария тасып, тау балқыр тастар еріп, Тамақтан үлбіреген бір иіскетсең, Кетпей ме бойдан қуат, ойдан ерік. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 60 | |
Всего комментариев: 0 | |