Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

246>>

Боз беткейлі, ендеше, боз беткейлі,

Боз беткейден жайылған мал кетпейді,

Шөбі жұмсақ, шаруа, малға жайлы,

Бағаналы Мансарға жер жетпейді.

 

247 >>

Маусым-мамыр болғанда, маусым-мамыр,

Мал құдықтан су ішер абыр-сабыр,

Самал соқса қызылдың аптабымен,

Күн қызады, жер бусап, жасыл адыр.

 

248 >>

Бойында бұл Қобданың ши ьар ма екен,

Оюда шебер ойған мін бар ма екен,

Ант ішкен айрылмастай тату едік,

Көретін қайта айналып күн бар ма екен.

 

249 >>

Күрең жалды ат дегенде, күрең жалды ат,

Сахарада ойнайды өңкей саңлақ,

Алыстан жүзіп келген сен ақ сазан,

Мен болсам іліп түсер алтын балдақ.

 

250 >>

Алтын шашың жақсы екен тарақтауға,

Бала сұңқар көнбейді балақтауға,

Ортасында мұхиттың сіз бәйтерек,

Мен келдім бұтағына қонақтауға.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (15/05/2023)
Просмотров: 61 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: