ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 241>> Басында Қаратаудың қарға жүрер, Шиқылдап қара жолмен арба жүрер, Сен есіме түскенде сенер болсаң, Шыбын жаным шырқырап зорға жүрер.
242 >> Төрт дуадақ дегенде төрт дуадақ, Қой жайылар көктемде көк қуалап, Сен есіме түскенде қимас қалқам, Жата алмаймын төсекте төрт домалап.
243 >> Алматы біздің ауыл қырқасында, Бір күн қар, бір күн жауын, бұрқасын да... Мойныңа ақ білекті арта салсам, Ақбілек айырылмаса – қырқасың ба?
244 >> Келеді айым туып, күңгірт болып, Қой өлер көктемеде қылқұрт болып, Тіршілікте айтамын – ойна да күл, Қаларсың өлгеннен соң жым-жырт болып.
245 >> Қыз емес қыздың аты гүл емес пе, Бір нәрсе қыздан жігіт тілемес пе, Болғанда жігіт бұлбұл, қыз қызыл гүл, Бұлбұл кеп қызыл гүлге түнемес пе! баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 58 | |
Всего комментариев: 0 | |