Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

236>>

О, қыздар, сары беткей, сары беткей,

Жатады теріскейдің қары кетпей,

Барында оралыңның ойна да күл,

Тұрғанда нұр жүзіңнің әрі кетпей.

 

237 >>

Майтөбе біздің ауыл шат басында,

Ала арқан алты құлаш ат басында,

Көңілің алабұртқан бізде болса,

Жаудырап екі көзің жат қасымда.

 

238 >>

Құрбым-ау, сылдыр үзбе, сылдыр үзбе,

Жаз Майтөбе жайладық, құмды күзде,

Болғанмен ауыл шалғай, көңіл жақын,

Кетті деп көз көрмеске күдер үзбе.

 

239 >>

Қаңбақ ұшар Қараойдың желіменен,

Суы тасыр Іленің сеңіменен,

Кейіні жастар өсіп білмес қадір,

Әркімді алсын құдай теңіменен.

 

240 >>

Ендеше іле деймін, Іле деймін,

Іледен өте шықтым міне деймін,

Кісі жары кісіе жар болмайды,

Өз жарыңның тілеуін тіле деймін.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (02/05/2023)
Просмотров: 75 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: