ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 231>> Боз үйден сен шығасың керіліп-ай, Аяқты бір басуға ерініп-ай! Аққудай көлден ұшқан көтеріліп, Жігінен жанарымның сөгіліп-ай.
232 >> Елімнің бір жайлауы Құрымбай саз, Жайлаған алты ай жазда сары ала қаз, Шолпандай таң алдында туып-батқан, Қайтейін, о дриға-ай, ғұмырың аз.
233 >> Қызығы бұл өмірдің жайлаудағы, Жастықпен бұл көңілім қайда аумады, Есіме сен түскенде сенер болсаң, Ботадай мұңаямын байлаудағы.
234 >> Алатаудың басында қайрақ жатыр, Ауыл малын жайлауға айдап жатыр, Күндіз-түні қасыңнан шықпас едім, Қу тіршілік қолымды байлап жатыр.
235 >> Біздің ауыл сұрасаң Белтұрғанда, Ұзын ағаш солқылдар жел тұрғанда, Күн мен айын басқаның неғылайын, Тал шыбықтай бұралып сен тұрғанда. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 84 | |
Всего комментариев: 0 | |