Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

226>>

Ұшады көк ала үйрек көлге қарсы,

Ұясы жануардың желге қарсы,

Кеткенде ауылың шалғай, тату қалқам,

Төгілер орамалға көздің жасы.

 

227 >>

Көк балдырған дегенде, көк балдырған,

Жолда жүріп жолаушы ат шалдырған,

Әй-әй, десем, артыңа қарамайсың,

Қарамастай көңіліңді кім қалдырған.

 

228 >>

Қоянды шалмай алар қара қаншық,

Сұңқарға жем тілеген болар талшық,

Есіме, беу, қарағым, сен түскенде,

Сыртым сау, болып жүрмін бауырым балшық.

 

229 >>

Олай көшкен ауылым, былай көшкен,

Түйем ойнап жартастан құлай көшкен,

Бегалының түбінде бек сөйлескен,

Сенен артық досым жоқ құдай дескен.

 

230 >>

Дүние өте шығар ебелктеп,

Құрбыға сөз айтамын не керек деп.

Сыртыңнан талай құрбың жүрген шығар,

Сәуірдің бұлтындай боп төңіректеп.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (17/04/2023)
Просмотров: 71 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: