Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

221>>

Бір тау бар қары кетпес қия сырттан,

Арқанды таып алдық көшкен жұрттан.

Кетерде ауылың алыс, әй, қалқатай,

Уәде үшін бөлейік жарма құрттан.

 

222 >>

Бір тау бар көк тіреген басы биік,

Болса да басы биік, шөбі сұйық.

Байлығы еліміздің ас емес пе,

Бауырында мекендеген құлан-киік.

 

223 >>

Қалам алып хат жаздым тәрбиелеп,

Бүркіт салған жүреді тау қиялап.

Жапан түзге сен біткен бір бәйтерек,

Бұтағыңа жүрмесін қарға ұялап.

 

224 >>

Тұз төбенің басында тұзы қалды,

Бой жетіп, бұлықсыған қызы қалды,

Күлімдеген көзінің көңілімде,

Сонардағы соқпақтай ізі қалды.

 

225 >>

Ұшады аққу көлден байпаңдаған,

Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған,

Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай,

Көзіңнен айналайын жаутаңдаған.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (10/04/2023)
Просмотров: 77 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: