Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

216>>

Қара су есік алды тасқыны бар,

Болса да тасқыны бар, тынысы тар,

Барында оралыңның ойна да күл,

Құрбыңды бір көруге боларсың зар.

 

217 >>

Қара су есік алды жусан ба екен,

Белімді жусанменен бусам ба екен,

Кеткенде ауылың шалғай, ей, қарағым,

Артыңнан қос ат алып қусам ба екен.

 

218 >>

Бір тау бар таң шапағы қызылдаған,

Сонасы қысы-жазы ызылдаған,

Байлығы атамыздың сол емес пе,

Тайы туып, тайлағы боталаған.

 

219 >>

Бір тау бар Тәңірі өзі жоталаған,

Көшпейсің қысы-жазы сол арадан,

Бақыты атамыздың сол емес пе,

Тайы туып, тайлағы боталаған.

 

220 >>

Бір тау бар көз ұшында бұлбұл қаққан,

Бір адам жайлаймын деп белгі таққан,

Байлығы сол бір таудың сол емес пе,

Жусанын жұлып алып отқа жаққан.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (03/04/2023)
Просмотров: 66 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: