Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

211>>

Қара таудың басында қарай жаттым,

Беліме қара айдарым орай жаттым,

Кеткенде ауылың алыс, қалқатайым,

Жол тосып жолаушыдан сұрай жаттым.

 

212 >>

Қара таудың басында қазылған жол,

Түскенде мен есіңе қайғырған бол,

Кеткенде ауылың алыс, беу, қарағым,

Кетпейді аш бүйірден таянған қол.

 

213 >>

Қара таудың басынан аса алмадым,

Жапырағын жайқалтып баса алмадым,

Жапырағын жайқалтып басар едім,

Атыңды атап өлеңге қоса алмадым.

 

214 >>

Қара су есік алды суда мін жоқ,

Хайуан өлдім дерге малда тіл жоқ.

Барында заманыңның ойна да күл,

Келгенше жыл айналып кім бар, кім жоқ.

 

215 >>

Қара суды қақ жарып қайық өтер,

Ептеп бас аяғыңды тайып кетер,

Барында оралыңның ойна да күл,

Құрбыңды бір көруге боларсың зар.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/03/2023)
Просмотров: 83 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: