Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

206>>

Қара таудың басында қар борайды,

Басына үлкен адам сәлде орайды.

Кеткенде ауылың алыс – ей, қарағым,

Қасыңа келіп-кетер кім жарайды?

 

207 >>

Қара таудың басынан арша ап жүрмін,

Аршамды көтере алмай шаршап жүрмін.

Кеткенде жерің шалғай қос перизат,

Көруге ақ жүзіңді аңсап жүрмін.

 

208 >>

Қара таудың басында балуан тас,

Көтере алмай көзімнен шығады жас,

Көтере алмай жатқанда көтеріскен,

Ата-анадан жақсы екен құрбы-құрдас.

 

209 >>

Қара таудың басында қабандаймын,

Қара өлең қапелімде таба алмаймын,

Таба алмаймын дегенге тап бермеші,

Еркін жүйрік қызыл тіл амалдаймын.

 

210 >>

Біздің ауыл Көкталдың бер жағында,

Баркөрнеудің соғатын жел жағында,

Көзіңдегі шын болса күлкін, жаным,

Ел жатқан соң жамбастап кел жаныма.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (19/03/2023)
Просмотров: 74 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: