Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

201>>

Болғанда ой қараған, қыр қараған,

Кім еді таңертеңгі қой қараған,

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым,

Қойныма көзім жасы сорғалаған.

 

202 >>

Болғанда ой тошала, қыр тошала,

Ойпаңнан теріп жедім бір тошала,

Шыныменен көңілің менде болса,

Бері жатып іргеңді оңашала.

 

203 >>

Болғанда ой бүлдірген, қыр бүлдірген,

Ойпаңнан теріп жедім бір бүлдірген,

Шын көңілің, шынты пейілің менде болса,

Кісіге сенен басқа сыр білдірмен.

 

204 >>

Болғанда ой қарақат, қыр қарақат,

Ойпаңнан теріп жедім бір қарақат,

Көңілің шыныменен менде болса,

Бері жатып, іргеңді оңашалат.

 

205 >>

Қаратудың басынан қар борайды,

Керім жігіт басына сәлде орайды,

Сәлдесін бір ораған жүз орайды,

Басына сол шіркіннің кім қарайды.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (13/03/2023)
Просмотров: 71 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: