ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 196>> Айдап салдым жылқымды теріскейге, Айдамаса мал шіркін өрістей ме? Барында тіршіліктің ойна да күл, Өлеңді өстіп айтса келіспей ме?
197 >> Биік бол, биік болсаң Манашырдай, Тату бол, тату болсаң жанашырдай. Аяқты былқ-сылқ етіп баса алмайсың, Бәйгеден жаңа келген қара сұрдай.
198 >> Көшкенде жылқы айдаймын кер кекілмен, Аймалап ауық-ауық жел бетімнен, Шырқатып жол-жөнекей ән салғанда, Шаттанып қыздың жаны тербетілген.
199 >> Ендеше тау жайлаймын, тау жайлаймын, Тайым жорға болсын деп шаужайлаймын, Өлеңді ақындықпен мен айтпаймын, Аз тамаша болсын деп айғайлаймын.
200 >> Ендеше, ой балдырған, ой балдырған, Ауылыңды ойпаң жерге кім қондырған, Ау-ой, демесе артыңа қарамайсың, Қарамастай көңіліңді кім қалдырған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 69 | |
Всего комментариев: 0 | |