Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

191>>

Ауылым көшіп барады таудан асып,

Таудан асқан бұлтпен араласып,

Ауылың алыс кеткенде, ей, қарағым,

Ақ қағазбен жүрейік амандасып.

 

192 >>

Жылқымды айдап салдым шилі өзекке,

Жығылдым атым тайып қу тезекке.

Барында тіршіліктің күліп-ойна,

Қалайық ойнап-күліп бір кезекке.

 

193 >>

Жылқыны айдап салдым теріскейге,

Келісер кесте тіксе мініскейге,

Өлеңді жалғыз айту жарамайды,

Ән салсақ екі-екіден келіспей ме?

 

194 >>

Айдап салдым жылқыны теріскейге,

Айдамаса мал шіркін өрістей ме?

Бір саңлақты ішінен ұстап мініп,

Осылайша ән салсам келіспей ме?

 

195 >>

Әуедегі жұлдыздың алтауы Үркер,

Бой жеткен қыз бетіне опа бүркер,

Бүгін жаққан опасы ертең кетер,

Құдай сұлу етпесе бәрі бекер.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (27/02/2023)
Просмотров: 80 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: