ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 186 >> Ауылым көшіп барады көлмеккөлге, Алыс дейді Көлмеккөл көрмегенге, Алыс болса Көлмеккөл көрмегенге, Күн жарқырап ай туар өлмегенге.
187 >> Ауылым көшіп барады Алмалыға, Кім көнбейді Алланың салғанына, Кішкентайдан бірге өскен сәулем едің, Екі көзің жәутеңдеп қалғаның ба?
188 >> Ауылым көшіп барады таудан асып, Таудан асқан бұлтпенен араласып, Ауылың алыс кеткенде, беу, қарағым, Әлдекімге кетерсің бауыр басып.
189 >> Ауылым көшіп барады Сарымсаққа, Шықпайды екен шыбын жан жалынсақ та, Ешбір хабар келмейді қысы-жазы, Сарғайып ақ жүзіңе табынсақ та.
190 >> Ауылым көшіп барады ылай көлге, Шағи бешпент жарасар қынай белге, Ауылың алыс кеткенде, ей, қарағым, Көз жасыңды көл қылып жылай берме. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 83 | |
Всего комментариев: 0 | |