Қара өлең көкжиегі

ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ

181 >>

Хан тауының басына құрт қайнаттым,

Алтын күрек соқтырып, ат байлаттым,

Түлкі ішіктің жағасын атқа жауып,

Өлең білмес құрбымды сартқа саттым.

 

182 >>

Жайлауы біздің елдің Құланөтпес,

Бөріге ит қарғысы сірә жетпес,

Жігітке қыз қарғысы майдай жағад,

Ішің кепкір десе де еш нәрсе етпес.

 

183 >>

Әулиеге Ұраңқай тиіп тұрар,

Өзге таудан еңсесі биік тұрар,

Сен есіме түскенде сүйген сәулем,

Сыртым жалын, ішім от күйіп тұрар.

 

184 >>

Биік-биік тауларға шыққым келді,

Биігіне сүйеніп ұйқым келді,

Биігіне сүйеніп ұйықтап кетсем,

Құрбы-құрдас бірге өскен түсіме енді.

 

185 >>

Аулымның қонған жері боз бетеге,

Бір үйде қыз бес болса тон жете ме?

Көңілің расымен болса менде,

Шық түнде, мен ерейін, сен жетеле.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (13/02/2023)
Просмотров: 82 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: