ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 176 >> Жуантөбе, Тасты мен Шу жайлаған, Бірге өсіп құрбыммен, бірге ойнаған, Әрбір күнім бергісіз бір ғасырға, Тамаша қызықты өмір гүл жайнаған.
177 >> Шудан арман басталар Бетбақ дала, Жайлауы ауылымның сала-сала, Құс қанаты күйетін ыстық шөлге, Мал бағып, сап түзеттік жаңа қала.
178 >> Өлеңді білген де айтар, білмес те айтар, Су ішіп Ақжайықтан жылқым қайтар, Өлеңді біле тұрып айтпай кетсем, Жақсының мың теңгелік көңілі айтар.
179 >> Үштөбе, Жартытөбе, Балаторлан, Балдысу, Қарабұлақ, Шолаққорған, Болғанда келу оңай, кету қиын, Қалқаның кете алмадым көңілін қия.
180 >> Басында бұл Күртінің бір топ мия, Келемін кер бестімен жылқы жия, Болғанда келу оңай, кету қиын, Қалқаның кете алмадым көңілін қия. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 81 | |
Всего комментариев: 0 | |