ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 171 >> Самалы Сарыарқаның желпиді оңнан, Шайлайды жылқы сауыр, сиыр жоннан, Майы шығып түгінен тарлау жесе, Жарылар қой құйрықтан, түйе қомнан.
172 >> Тау көрінер алыстан мұнарланып, Ойнайды екі ғашық құмарланып, Оң жағында шіркіннің жатар ма еді, Ақ иықтай түлкі алған жұмарланып.
173 >> Көріп пе ең сен қырғыздың Алатауын, Басында бұлт аялап күнде жауын. Алыста аңсап жүрген ағайынның, Жөн болар біліп жүрген есен-сауын.
174 >> Басың биік, Алатау, тақиядай, Шалғыныңды ел басып жапырады-ай, Оралыңның барында ойна да күл, Өтіп дәурен барады қапияда-ай.
175 >> Басың биік, Алатау, бауырың жазық, Қағулы тұр басыңда алтын қазық, Дабысыңды сыртыңнан естіп, біліп, Қалқатайым, атыңа болдым ғашық. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 86 | |
Всего комментариев: 0 | |