ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 166 >> Алтайдың салдым сайран күн бетіне, Ақ қағаз жазу жаздым бір бетіне, Өлеңді ақындықпен біз айтпаймыз, Айтамыз көпшіліктің құрметіне.
167 >> Ой, алтай, басың биік, шөбің сұйық, Ойнайды бауырыңда арқар, киік, Кір жуып, кіндік кескен қайран Алтай, Кетеді сені ойласам ішім күйіп.
168 >> Қара Ертіс, қайран өзен Нарын-Күршім, Түскенде Күршім еске жат та күрсін, Дүниеде туған жерге жетер қайда, Шет жерде аңсап жүрген күнің құрсын.
169 >> Біздің ел Қара Ертісті қыстайтұғын, Шағимен түлкі тымақ тыстайтұғын, Ей, тағдыр, мен не қылдым, сен не қылдың?! Осынша шыбын жанды қыстайтұғын.
170 >> Қаратау, Қасқамұрын қалдың бізден, Шалғыны Мыңбұлақтың келер тізден, Өзіңе тірі болсам оралармын, Әзірет, айналайын күдер үзбен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 79 | |
Всего комментариев: 0 | |