ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 161 >>> Шіркін-ай, жаман қандай, жақсы қандай, Барады өтіп өмір асыққандай, Барында оралыңның ойна да күл, Қара жер бауыры суық басып қалмай.
162 >>> Қамыстың ат байладым сабағына, Жігіттің жолдас болма жаманына, Жігіттің жолдас болсаң жаманына, Дұшпанның тастап кетер табанында.
163 >>> Жігіттер, дәурен өтер, дәурен өтер, Бәрі де бұл дүниенің әуре бекер, Қаумалаған достарың сырт айналар, Қадіріңе сүйген жар – сәулең жетер.
164 >>> Жиырмаға жиырма бес жуық екен, Ақ боз үйді көтерген уық екен, Оралыңның барында ойна да күл, Қара жердің бауыры суық екен.
ТАБИҒАТҚА БОЛАДЫ ҰНАҒАНЫ 165 >>> Жазың салқын, ей, Алтай, қысың қырау, Аққан өзен сылдырап бейне жырау, Алтыбақан тербеген қыз-бозбала, Жайлауымыз алтынкөл анда тұр-ау. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 114 | |
Всего комментариев: 0 | |