Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

156 >>>

Бір күйі домбырамның пернесінде,

Жел сөзден іркілейін мен несіне,

Жігіттер, тіршілікте ойна да күл,

Мен кепіл өткен жастық келмесіне.

 

157 >>>

Сөйлеп қал, сөйле, тілім, шал боларсың,

Қу томар басын кескен тал боларсың,

Қартайып, жасың жетіп келген шақта,

Артыңа бір қарауға зар боларсың.

 

158 >>>

Сөйлеп қал, сөйле, тілім, екпіндетіп,

Жүйріктей топқа түскен екіленіп,

Қартайсаң шабан аттай жүрісің жоқ,

Алсайшы осындайда желіп-желіп.

 

159 >>>

Сөйлеп қал, сөйле, тілім, осындайда,

Аққан су бір мезгілде таусылмай ма?

Қартайып, жасың жетіп, өлгеннен соң,

Топырақ өз бетімен шашылмай ма?

 

160 >>>

Келемін жоғарыдан төмен қайтып,

Көңілді көтерелік өлең айтып,

Көңілді көтермесек өлең айтып,

Әлі-ақ бір күн қалармыз жер томпайтып.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (09/01/2023)
Просмотров: 96 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: