ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 151 >>> Аузыңды ашсаң көрінер маржан тісің, Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің?! Десе десін сыртыңнан дұшпан кісің, Білінбей ме досыңа еткен ісің.
152 >>> Жүгірген құмнан құмға құмай тазы, Жігітті малдың азы мұңайтады, Жігіттер, малым аз деп мұңаймаңыз, Бір күні өлім келіп шұнайтады.
153 >>> Жігіт болсаң, жігіт бол көңіл ашар, Өнер қуған жігіттен бәле қашар, Өміріңді өткізбе түндей қылып, Жігіттің де жігіті бір-ақ жасар.
154 >>> Қиын екен жігітке жұртқа жақпақ, Жақсы, жаман көңілін бірдей таппақ, Қара қылды қақ жарып жүрсең-дағы, Біреу даттап кетеді, біреу мақтап.
155 >>> Сал кеуде сандуғаштай сайрап тұрған, Меруерт тас Самарқанда жайнап тұрған, Ағалар, топтан таңдап бір сұлу ал, Тасындай диірменнің ойнап тұрған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 93 | |
Всего комментариев: 0 | |