Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

146 >>>

Жиырма бес өте шықты ескен желдей,

Қоныстан қопарылып көшкен елдей,

Жастықты думандатып жүре бердік,

Қайрылмай кететіні еске келмей.

 

147 >>>

Ойлап тұрсам бұл жалған бәрі елес,

Өткен өмір айналып қайтып келмес,

Арманыма жетем деп талпынасың,

Өлгеніңше кеудеңнің оты сөнбес.

 

148 >>>

Қаршығам қазға салсам, қаз іледі,

Жиылып қыз-бозбала бір жүреді.

Құдай-ау, жас күнімде өлім берме,

Көл жайқап, жем жейтұғын мезгіл еді.

 

149 >>>

Баркөрнеуді барған жұрт биік дейді,

Бұлтқа басы тұрады тиіп дейді.

Шықпаса аты жігіттің батырлықпен,

Туған жерін шығарар сүйіп дейді.

 

150 >>>

Елімнің бір жайлауы Құрымбай саз,

Жайлаған алты ай жазда сары ала қаз.

Шолпандай таң алдында туып батқан,

Дариға-ай, мен қайтейін ғұмырым аз.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/12/2022)
Просмотров: 92 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: