ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 141 >>> Тақияма таққаным тал-тал моншақ, Кер биеге жарасар кер құлыншақ, Өлгеннен соң қаларсың қу сүйек боп, Дауысыңның барында қалшы-ау шырқап.
142 >>> Жаманның жемтік түссе жөргегіне, Жолдасының қарамас өлгеніне, Жазатайым жақсыға ісің түссе, Биік таудың шығарсың көрнегіне.
143 >>> Қасқыр алар Қараойдың қасқалдағы, Солқылдайды көпірдің басқан жағы, Жайды білмес жаманға ісің түссе, Әпер дейді жұлдызды аспандағы.
144 >>> Бір тісім, екі тісім маржан тісім, Сыртыңнан не демейді дұшпан кісің, Сыртымнан десе десін дұшпан кісім, Аллаға аян шығар қылған ісім.
145 >>> Жел соқса ұзын ағаш ырғалады, Біреуден біреу көріп үлгі алады, Барында оралыңның күліп-ойна, Опасыз сұм жалғаннан кім қалады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 95 | |
Всего комментариев: 0 | |