ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 136 >>> Дауысым «ә» дегенде бір саңқылдар, Жел соқса, жаман түйе үйге аңқылдар, Жігіттің алған жары жақсы болса, Алдынан үйрек ұшып, қаз қаңқылдар.
137 >>> «Ә» дегенде дауысым шырқап кетер, Мұрадына шын ғашық әлі-ақ жетер, Тіршілікте ойнап, күл, бозбалалар, Әне-міне дегенше дәурен өтер.
138 >>> Ауылымның қоған жері жусан ба екен, Белімді жуманменен бусам ба екен, Кешегі өтіп кеткен жиырма бесті, Артынан қос атпенен қусам ба екен.
139 >>> Кісіге өнер де өрнек, өлең де өрнек, Шын жүйрік өрге шапса өршеленбек, Барында орлаыңның ойна да күл, Шырағың мың күн жанған бір күн сөнбек.
140 >>> Өлең деген немене білген құлға, Ақ теңгесін кім қимас алар пұлға, Оралыңның барында ойна да күл, Өлгеннен соң адыра қалар тұлға. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 86 | |
Всего комментариев: 0 | |