ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 131 >>> Сұлуды сұлу деме сүймеген соң, Асылды асыл деме кимеген соң, Жақсыларға не керек қошамет қып, Шарапаты ешкімге тимеген соң.
132 >>> Қара көк жылқы ішінде сетер екен, Күлмеген, ойнамаған бекер екен, Жастық шақ көк семсердің жүзіндей боп, Аз күнде жалт-жұлт етіп өтеді екен.
133 >>> Қара көк жылқы ішінде сылаң қаққан, Өмілдірік, кежімін сәндеп жапқан, Оралыңның барында күл де ойна, Қызыл түлкі дүние бұлаң қаққан.
134 >>> Ұлы баба алдымызда көрегеніміз, Қиын жерден ой тапқан шешеніміз, Қапас түннен құтылған қалың елдің, Күн-күн сайын мерейі өседі жүз.
135 >>> Ұлы баба алдымызда ақ жүрегіміз, Тастан шыққан бұлақтай сөлдіредің, Жалғанның жайма-шуақ заманында, Алып бердің еліміздің бар тілегін. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 102 | |
Всего комментариев: 0 | |