ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 126 >>> Басына Қаратаудың қақ тұрмайды, Жігітті шалса қырсық бақ тұрмайды, Басыңда бақыт-дәулет тұрған шақта, Алдыңа әркім-ақ кеп тақсырлайды.
127 >>> Қудым сені қара өлең бала жастан, Дүниенің аз-көбіне қарамастан, Оралыңның барында күліп-ойна, Не келіп, не кетпейді ғазиз бастан.
128 >>> Жақсы қандай, құрбылас, жаман қандай, Жүйрік қандай, ойлашы, шабан қандай, Жай білмейтін жаманмен болсаң жолдас, Қараңғы үйдің ішінде қамалғандай.
129 >>> Сулық қайда, жігіттер, сұр шекпендей, Кей жігіттің мінезі тай тепкендей, Оралыңның барында ойна да күл, Жастық көңіл болады су сепкендей.
130 >>> Би болмас белін жалпақ буғанменен, Ағармас қас қараны жуғанменен. Білгенге ақыл басқа, ажар басқа, Не пайда өте әдемі туғанменен. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 96 | |
Всего комментариев: 0 | |