Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

121 >>>

Тоқым салма жауырға жалды екен деп,

Жолдас болма жаманға малды екен деп,

Сынса-дағы сырлы аяқ сыны кетпес,

Күдер үзбе жақсыдан жарлы екен деп.

 

122 >>>

Сән болмайды жүйрікке қамшылаған,

Зәм-зәм артық дариядан, тамшылаған.

Отыз үйрек, қырық қаз алса-дағы,

Нәсілі артық сұңқардың қаршығадан.

 

123 >>>

Жігіт бол жігіт болсаң, тал жібектей,

Жарамас қатты болу тікенектей,

Білімің болса-дағы ұшан-теңіз,

Не керек өз жұртыңа қызмет етпей.

 

124 >>>

Білімдіні несіне жек көрейік,

Ақтан тауып несібе жеп көрейік,

Артық ақыл ойланып таба қалсаң,

Алыспай-ақ біреуге тек берейік.

 

125 >>>

Басында биік таудың жалғыз терек,

Жігіткесыр шашпайтын жолдас керек,

Дүние ойлап тұрсаң түпсіз дария,

Батпайтын дарияға кеме керек.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (21/11/2022)
Просмотров: 93 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: