Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

116 >>>

Аспанда ай нұрланар толған сайын,

Тәубасын пенде ұмытар болған сайын,

Ашу пышақ болғанда, ақыл таяқ,

Таяғың кемімей ме жонған сайын.

 

117 >>>

Түбінде тобылғының торғай да бар,

Жан сақтар ажал жетсе, жер қайда бар,

Бір жақсы, бір жаманмен әрқайда бар,

Қосылар екі жақсы күн қайда бар.

 

118 >>>

Дәйім менің мінгенім көк жал шабдар,

Жануардың желісі шапқандай бар,

Бір-екі ауыз жақсымен сөйлескенім,

Құшақтасып жаманмен жатқандай бар.

 

119 >>>

Ай да батпан жігітке, күн де батпан,

Шаба алмаймын, толықсып жайдақ аттан,

Жолдас болсаң, жігіттер, жақсымен бол,

Сексеуілдің шоғындай жайнап жатқан.

 

120 >>>

Жапалақ жалпылдайды жар басында,

Немене жоқтың күйі бар қасында,

Дос болып, қас қылғаннан сақтағайсың,

Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (14/11/2022)
Просмотров: 99 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: