ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 111 >>> Бір бешпентім үстімде қара мақпал, Оны қиған қайшыны Ана мақтар, Дүниенің қызығы ойнап-күлген, Төрт бұрышын әлемнің аралап қал.
112 >>> Біздің заман қай заман, жақұт заман, Еңбекшіге әперген бақыт заман, Құлшылықтың құтылып бұғауынан, Айға ұмтылып биікке бастық қадам.
113 >>> Өткен заман қай заман, жылан заман, Жылан шағып, халық жоқ жыламаған, Боз інгеннің бөрі жеп боташығын, Ер жігітке мал мен бас құралмаған.
114 >>> Жігіті біздің елдің сылқым сері, Күнде той ойын-күлкі жүрген жері, Асыр сап құлын-тайдай ойнақтаған, Әркімнің өзіне ыстық туған жері.
115 >>> Үйір болдым жел сөзге жасымыздан, Жақсы болсақ кім кетер қасымыздан, Құмға айдаған жылқының мұнарындай, Өмір өтіп барады басымыздан. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 85 | |
Всего комментариев: 0 | |