ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 106 >>> Мінген атым астымда ақтанау кер, Ақтанаудан оза алсаң мақтана бер, Ақтанауға құлпыртып мінгенімде, Көрінеді бірдей боп ылди мен өр.
107 >>> Өтіп дәурен барады соққан желдей, Бір кеткен соң зар қылар қайтып келмей, Оралыңның барында ойна да күл, Дүниеде жүрмейсің ақыр өлмей.
108 >>> Өлеңшілер өлеңнің қыр гүліндей, Жүрмін жарап Әлінің дүлдүліндей. Сан күлгенім, сан ойнап жаманменен, Болмайды екен жақсының бір күніндей.
109 >>> Ат жетім өрен жүйрік шабылмаса, Топ көріп ащы тері арылмаса, Болады теңдесі жоқ кәрі жетім, Бас тартар кірерге үй табылмаса.
110 >>> Арғымақтан ат жақсы шабыс болса, Ағайыннан жат жақсы таныс болса, Досың күліп, дұшпаның табалайды, Бір нәрседен аяғың шалыс болса. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 88 | |
Всего комментариев: 0 | |