ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 101 >>> Ақылы ер жігітті байыпты етер, Аяғың нық баспасаң тайып кетер, Жаманға жақын тартып сырыңды айтсаң, Сол жаман шыға бере жайып кетер.
102 >>> Ботасы өлген боз інген боздайды екен, Ақын жігіт тойда өлең қозғайды екен, Сары аяққа бал құйып қойсаң-дағы, Өз еліндей әркімнің болмайды екен.
103 >>> Сауғанмен жалғыз сиыр іркіт болмас, Қара құс қайырғанмен бүркіт болмас, Тыңдаушы сөз иесі кез келгенде, Жел сөзді ауыздағы іркіп болмас.
104 >>> Алайын әнге басып кезегімді, Өлеңім жарып шыққан өзегімді, Алдынан төте шауып көрінейін, Сүйемін бірлігі нық өз елімді.
105 >>> Мінгенім дәйім менің арда күрең, Жоқ болса жалғыз тайың өлең үйрен, Өлеңнің бір пайдасы тойда тиер, Басыңды есіктегі төрге сүйрер. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 107 | |
Всего комментариев: 0 | |