ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 96 >>> Біреу жүр өзін-өзі билей алмай, Біреу жүр келген бақты игере алмай, Он саусақ қарап тұрсаң бірдей емес, Біреу жүр жалғыз басын сүйрей алмай.
97 >>> Самарқанда өрт болса, ошта түтін, Бұл дүниеде адам жоқ бауыры бүтін, Бұл дүниеде жан болса бауыры бүтін, Қағаздан қазан жасалар, гүлден отын.
98 >>> Қасқыр алар Қараойдың қасқалдағы, Солқылдайды көпірдің басқан жағы, Жайды білмес жаманға ісің түссе, Әпер дейді жұлдызды аспандағы.
99 >>> Ар жағы Алматының шым келеді, Жаныңнан жақсы болсаң кім кетеді, Болғанда тағдыр түлкі, ажал бүркіт, Бір күні қуып жетіп індетеді.
100 >>> Жел соқса, ұзын ағаш ырғалады, Біреуден біреу көріп үлгі алады, Барында оралыңнынң күліп-ойна, Опасыз сұм жалғаннан кім қалады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 93 | |
Всего комментариев: 0 | |