ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 91 >>> Келестің біздің ауыл қамалында, Басымның қам жемеймін аманында, Барында оралыңның ойна да күл, Ұлы Даланың Тәуелсіздік заманында.
92 >>> Ауада ұзақ ұшар тобыменен, Астында тұйғын ұшар қолыменен, Болғанда ұзақ көкте, тұйғын төмен, Бірдей ме дәрежесі соныменен.
93 >>> Жылқы деген мал жақсы жүйрік болса, Жігіт қайда жүрмейді бұйрық болса, Көңілі өсіп жігіттің отырмай ма, Алдында жал, артында құйрық болса.
94 >>> Дәйім менің мінгенім алқара кер, Ал, қане, екі-екіден ән сала бер. Осындайда, балалар, ойна да күл, Бәрімізді жалмайды көр болар қара жер.
95 >>> Ендеше мыс қалады, мыс қалады, Қайырылып мыс қалаға құс қонады, Барында жастық шақтың ойна да күл, Саудырап өлгеннен соң тіс қалады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 101 | |
Всего комментариев: 0 | |