Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

86 >>>

Қусам да жеткізбейді арман дүние,

Бұрынғы ата-анадан қалған дүние,

Барында оралыңның ойна да күл,

Бір күні артта қалар жалған дүние.

 

87 >>>

Керегенің басында оймақ тұрар,

Кедейшілік жігітке қой бақтырар,

Алған жары жігіттің жақсы болса,

Атын байлап, алдынан ойнап шығар.

 

88 >>>

Жаз жайлауға көшеді ел арбамен,

Ішім толып жүреді арманменен,

Жеңілдер ме тағдырдың артқан жүгі,

Өмірді өлең етіп салғанменен.

 

89 >>>

Арғымақ алыс жүрмес талған сайын,

Жуан ағаш кемиді жарған сайын,

Асырауын кем қылсаң хас жүйріктің,

Шабысы бәсең тартар барған сайын.

 

90 >>>

Біздің ауыл жоғары Сыр болады,

Көп тағылса қалампыр кір болады,

Тіршілікте жүрейік сіз-біз десіп,

Дәурен екі болмайды бір болады.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (03/10/2022)
Просмотров: 99 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: