Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

81 >>>

Алқызыл көрінеді қашқан түлкі,

Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі,

Жігіттер, осындайда ойна да күл,

О дүниеде жоқ дейді ойын-күлкі.

 

82 >>>

Ат көркем көрінеді тұрманменен,

Дүние жеткізбейді қуғанменен,

Ақ көйлек – адал ниет кір шалған соң,

Не керек су кетірмес жуғанменен.

 

83 >>>

Әуеде ұшқан бүркіт қалықтайды,

Сүймеген жар жолдасын жарытпайды,

Сүйген жармен өмірлік жолдас болсаң,

Өлгеніңше сол шіркін налытпайды.

 

84 >>>

Қаратудың басында бұлт болмас,

Ақ қалайы сандықта кілт болмас,

Кішкентайдан бірге өскен қимас қалқам,

Төбем көкке жеткенмен ұмыт болмас.

 

85 >>>

Арыстаннан өлген соң тышқан артық,

Есер достан зиялы дұшпан артық,

Кей жаманның қолына гауһар түссе,

Қоя алмайды бағасын мыстан артық.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (26/09/2022)
Просмотров: 107 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: