Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

76 >>>

Жігіттер, өткен күнде белгі бар ма?

Адамзат жақсылыққа мәңгі зар да,

Жаманға жазатайым жолдас болсаң,

Бір күні алып барып жығар жарға.

 

77 >>>

Өткен күн ойлап тұрсаң белгісіз ғой,

Қол бұлғап шақырғанмен келгісіз ғой,

Жолдас болсаң, жігіттер, жақсымен бол,

Бір сөзі мың ділдаға бергісіз ғой.

 

78 >>>

Өлең қайдан шығады сөз болмаса,

Кім жетелеп жүреді көз болмаса,

Бұл жалғанның қызығы болар ма еді,

Сегіз қырлы жігіт пен қыз болмаса.

 

79 >>>

Кеш болса кер далада тарғақ ұшар,

Адасып ұясынан зарлап ұшар,

Ьаулысаң кей жаманды кішкентайдан,

Ақтамай үмітіңді жардан ұшар.

 

80 >>>

Ат туар айғыр салсам ақ құладан,

Не пайда үйіңде жоқ ақ құбадан,

Барында тіршіліктің ойна да күл,

Барады дүние жалған шапқылаған.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (19/09/2022)
Просмотров: 99 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: