ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН 71 >>> Жұлдыз жоқ түнде жарық айдан жақсы, Қара су сусағанда шайдан жақсы, Надандар ойын сөзді кек көреді, Көтерер ел көңілін қайран жақсы.
72 >>> Өнерге білім білген жеткізеді, Дариядан кеме, қайық өткізеді, Жақсымен зәуеде бір жолдас болсаң, Бойына бір қасиет біткіздеі.
73 >>> Көшкенде жылқы айдаймын торымене, Жігіттің жолдас болма қорыменен, Сөз айтсаң кей жаманға қорқытады, Бопсалап қолындағы жоғыменен.
74 >>> Жігіттер, бар да аспанда, жоқ та аспанда, Қарайды жан-жағына ер сасқанда, Жел сөзді ел құмартқан аяйын ба, Жиналып, өңшең жақсы бас қосқанда.
75 >>> Байқаймын өткен күннің белгісі жоқ, Айналып, екі қайтып келгісі жоқ, Жолдас болсаң, жігіттер, жақсымен бол, Жаманға жақсы жанды бергісі жоқ. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 110 | |
Всего комментариев: 0 | |