Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

66 >>>

Басында Тарбағатай тошала-ды,

Уысым тошаладан босамады,

Досым деп кей жаманға қол ұсынсаң,

Жаныңды кеудеңдегі қоса алады.

 

67 >>>

Қолымда бір қозым бар телінбеген,

Күйеуге төс тартылар келінменен,

Кісі деп кей жаманға ісің түсссе,

Асаудай тыпырлайды жегілмеген.

 

68 >>>

Ташкентте бар бір базар алма базар,

Алма сатып отырған алданазар,

Жақсыменен дос болсаң күнде базар,

Жаманменен дос болсаң көңілің азар.

 

69 >>>

Дариға, ағып жатқан суда мін жоқ,

Өлдім деп білдіруге малда тіл жоқ,

Басынан бақ пен дәулет тайғаннан соң,

Сенделген мекен таппай өрде күн жоқ.

 

70 >>>

Шын жақсы барған жанды қош алады,

Қаскөйлер болмашы үшін өш алады,

Дос көріп кей залымды жақын тұтсаң,

Жаныңды кеудеңдегі қоса алады.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (05/09/2022)
Просмотров: 111 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: