Қара өлең көкжиегі

ДҮНИЕ – БІР ҚИСЫҚ ЖОЛ БҰРАҢДАҒАН

61 >>>

Қай жалған мына жалған, дүние жалған,

Тұрымтай алдауменен бөдене алған,

Ойнап-күл дүниенің қызығында,

Күлмеген, ойнамаған қапы қалған.

 

62 >>>

Өлеңді айт дегенде айтпаған кім,

Жарық жоқ өлгендерге қараңғы түн,

Біріңді бірің сыйла тіршілікте,

Біріңе бірің мейман азғана күн.

 

63 >>>

Бұлтты күн, ендеше, бұлтты күн,

Ақ қозыға жарасар түбітті жүн,

Оралыңа бір келсе ойна да күл,

Өтіп кетіп қалады қызықты күн.

 

64 >>>

Аз ойлаған алысқа болмас жолдас,

Татқан тұзға қас қылған жігіт оңбас,

Қызығы бұл дүниенің сыйластықта,

Саясы жоқ ағашқа бұлбұл қонбас.

 

65 >>>

Қолымда бір қамшым бар күмістеген,

Апырмау сол қамшыны кім істеген,

Кей жаман сылаңдайды сырын бермей,

Мысықтай жұрт көзінше түк ішпеген.

баспаға әзірлеген             

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои статьи | Добавил: shakhibbeker (29/08/2022)
Просмотров: 124 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: